Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығы
(2026.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 278 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Әділет министрінің 2013.27.02. № 66 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Әділет министрінің 2013.27.02. № 66 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
Министр
ҚР Әділет министрінің 2013.27.02. № 66 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2016.29.01. № 55 бұйрығымен (2016 ж. 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің м.а. 2020.28.05. № 65 бұйрығымен (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
1999 жылғы 22 ақпандағы
№ 14 бұйрығымен бекітілді
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы
нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2026.20.03. № 278 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес әзірленген және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2 бөлігі 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі